«Ақтөбе» ӘКК жер учаскелерін төмен бағамен, заңсыз таратқан

«Ақтөбе» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» АҚ қызметін тексеру кезінде жер учаскелерін нысаналы мақсатсыз, төмендетілген құнмен беру фактілері анықталды, деп хабарлайды Kazinform.

жер
Фото: pexels.com

Мәселен, 2018 жжылы ӘКК «Баракат Нұр» ЖШС-на аумағы 25 га жер учаскесін арнайы жоба үшін 130 млн теңге сомасына сатқан.

«Аталған жер учаскесін сату кезінде, кадастрлық құны 161 млн теңгені құрап, осылайша, бағасы 31 млн теңгеге төмендетілген. Кейін осы жерлер заңсыз 167 жер учаскесіне бөлініп, коттедж қалашығын салу үшін үшінші тұлғаларға сатылған», — деп жазды аймақтағы прокуратура.

Облыс прокуратурасының қадағалау актісі негізінде ӘКК учаскелерді қайтару туралы сотқа талаптар берілді.

Биылғы қыркүйекте сот шешімімен ӘКК талаптары қанағаттандырылып, ӘКК және «Баракат Нұр» ЖШС, сондай-ақ үшінші тұлғалар арасындағы сатып алу шарттары жарамсыз деп танылды.

Осылайша, прокуратура органдарымен мемлекеттің мүддесі қорғалды.