Ақтөбе әскери институты 5 мыңнан астам маман даярлады

АСТАНА. KAZINFORM — Ақтөбе қаласында облыс әкімдігі ғимараты алдындағы алаңда екі мәрте Кеңес Одағының Батыры Талғат Бигелдинов атындағы Әуе қорғанысы күштері әскери институтының 29-шы түлектерін шығарып салу рәсімі өтті. 

Ақтөбе әскери институты 5 мыңнан астам маман даярлады
Фото: Қорғаныс министрлігі

Салтанатты шараға Ақтөбе облысының әкімі Асхат Шахаров, Әуе қорғанысы күштері бас қолбасшысының орынбасары авиация генерал-майоры Руслан Қоңыров, әскери институттың профессорлық-оқытушылық құрамы, Қарулы күштердің ардагерлері, сондай-ақ түлектердің ата-аналары мен жақындары қатысты.

Ақтөбе әскери институты 5 мыңнан астам маман даярлады
Фото: Қорғаныс министрлігі

– Отан қорғаушы мамандығын таңдау – өмір жолындағы абыройлы шешім. Сіздердің міндеттеріңіз – аға буын офицерлерінің ерлігі мен батылдығын үлгі ету. Ол үшін өз ісін жетік білетін кәсіби маман ғана емес, нағыз командир әрі тәлімгер болу қажет. Қызметте табандылықтың өнегесін көрсетіңіздер, – деді авиация генерал-майоры Руслан Қоңыров.

Биылғы түлектер қатарында 42 ұшқыш пен 25 инженер бар. Салтанатты рәсім барысында жас лейтенанттарға дипломдар мен төсбелгілер табысталды.

Ақтөбе әскери институты 5 мыңнан астам маман даярлады
Фото: Қорғаныс министрлігі

Бұл күн лейтенант Мыңжасар Қуаныш үшін ерекше есте қалды. Салтанатты шара кезінде ол сүйіктісі Әйгерімге үйленуге ұсыныс жасап, бойжеткен келісімін берді. Осылайша әскери оқу орнынан түлеп ұшқан жас офицердің қызмет жолында ғана емес, махаббатқа, өзара қолдауға және ортақ арманға негізделген жас отбасының өмірінде де жаңа кезең басталды.

Ақтөбе әскери институты 5 мыңнан астам маман даярлады
Фото: Қорғаныс министрлігі

Айта кетейік, Әуе қорғанысы күштері әскери институты Қорғаныс, Төтенше жағдайлар, Ішкі істер министрліктері мен Ұлттық қауіпсіздік комитетіне авиациялық мамандар даярлайды. Оқу орны құрылған сәттен бастап 5 мыңнан астам маманды даярлап, сапқа қосты.

Айта кетелік әскери колледж 30 жылда 4 мыңға жуық сержант даярлады