Ақтөбе - Астана әуе рейсіне резервтік ұшақ жіберіледі

АҚТӨБЕ. KAZINFORM - Ақтөбе - Астана рейсіне резервтегі ұшақ жіберіледі. Жолаушылар бүгін түнде ұшуы мүмкін.

ұшақ
Фото: Мухтор Холдорбеков/Kazinform

«Әлия Молдағұлов халықаралық әуежайы» АҚ Ақтөбе - Астана рейсіне қатысты хабарлама таратты.

- FlyArystan әуе компаниясына тиесілі FS7394 рейсінің ұшуы 17 ақпан сағат 00:30-да жоспарланған. Алайда техникалық себептерге байланысты рейстің ұшуы кейінге қалдырылды. Қазіргі уақытта FS7394 рейсін орындау үшін резервтік әуе кемесі ұшып келеді деп күтілуде. Ұшу 18 ақпан сағат 00:15-те жоспарланып отыр, - деп хабарлады «Әлия Молдағұлов халықаралық әуежайы» АҚ-дан.

Еске салсақ, FlyArystan әуе компаниясының Ақтөбе-Астана бағытындағы рейсі бірнеше рет кейінге шегерілді. Жолаушылар тіркеуден өтіп, ұшақ бортында 4 сағат бойы отырған. Кейін әуежай ғимаратына қайта өтіп, қонақүйден орын талап еткен.

Мұнда бәріне бірдей орын берілмей, жолаушылар пәтер жалдап, туған-туыстарының үйін паналады.

Соңғы жаңалықтар