Ақтөбе-Атырау жолын жаңғырту жұмыстары басталады
«Бүгін Ақтөбе-Атырау автомобиль жолы учаскесін жаңғырту жұмыстары басталады. Аталған жоба «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасы аясында жүзеге асырылуда және екі облыс орталығын қауіпсіз, ыңғайлы жалғау мәселесін шешіп, жолға кететін уақытта айтарлықтай қысқартады», - деді министр.
Оның айтуынша, екінші техникалық санат параметрімен 6 жолақты жолға асфальтбетонды жабынғы төселеді.
«Қандыағаш-Мақат» учаскесі бойынша мердігер ұйым анықталып, онымен ұзындығы 299 шақырымды құрайтын 7 учаскеде құрылыс жұмыстарына келісімшарт жасалды. Ұзындығы 156 шақырым болатын «Ақтөбе-Қандыағаш» учаскесі бойынша конкурстық процедура жүргізілуде және Ислам даму банкінен 215 млн доллар сомасында займ алу туралы келісімге қол қойылмақ. Құрылыс жұмыстары барысында нысанда шамамен 2 мың адам жұмыс істейді. Оның шамамен 90 пайызы жергілікті тұрғындар болады», - деді Жеңіс Қасымбек.