17:20, 15 Желтоқсан 2025 | GMT +5
Ақтөбе әуежайы миллионыншы жолаушыны қарсы алды
АҚТӨБЕ. KAZINFORM — Кішкентай спортшы Астана-Ақтөбе рейсімен ұшып келді.
Әлия Молдағұлова әуежайы бүгін миллионыншы жолаушыны күтіп алуға дайындалды. Астана-Ақтөбе рейсінің жолаушылары алдын ала дайындалған барабан ішінен қағазды алып, миллионыншы жолаушыны анықтады. Ол оқушы әрі спортшы — Сезім Сұлтанова.

— Мен джиу-джитсу жарысынан үшінші орын алып келе жатырмын. Мен бүгін қуаныштымын, — деді кішкентай жолаушы.
Әлия Молдағұлова халықаралық әуежайы баспасөз қызметінің хабарлауынша, бұл маңызды күн ретінде тарихта қалады. Мерекелік шарада демеушілер миллионыншы жолаушыға сый ұсынды.
Еске салсақ, былтыр Алматы әуежайы 10 миллионыншы жолаушыны қарсы алды. Бұл Алматы әуежайы мен қала үшін тарихи оқиға болды.