Ақтөбе әуежайында аэродром плиталарын ауыстыру қарашада аяқталады
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат – Ақтөбе облысының Ә.Молдағұлова атындағы Халықаралық әуежайында аэродром тақталарын ауыстыру және қайта жаңарту жұмыстары басталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат өңір әкімдігінің Telegram-каналына сілтеме жасап.
Әуежайға Ақтөбе облысының әкімі Ералы Тоғжанов барып, жөндеу жұмыстарының барысымен танысқан.
Әуежай әкімшілігі барлығы 1 мыңға жуық тақтаны ауыстыру және жөндеу жоспарланғанын хабарлап отыр. Шаралар қараша айында аяқталуы керек. Айта кетейік, биылғы жылдың сәуір-мамыр айларында 100 плита ауыстырылды.