«Ақтөбенің» бас бапкері Вячеслав Левчук қызметінен кетті

АСТАНА. KAZINFORM — «Ақтөбе» ФК бас бапкері Вячеслав Дмитриевич Левчук өз қызметінен босатылды.

Вячеслав Левчук қызметінен босатылды
Фото: instagram.com/fcaktobe_official

Бұл туралы «Ақтөбе» ФК ресми аккаунтында хабарланды.

— Бұл шешім команданың соңғы кездегі нәтижелері мен ішкі жағдайларын ескере отырып қабылданды. Абай облысының «Елімай» ФК қарсы ойында Левчук шәкірттері 2:1 есебімен жеңілген еді. Осы орайда, клуб басшылығы осындай шешімге келді. Клуб ұжымы Вячеслав Левчуктің командаға сіңірген еңбегі үшін алғыс білдіреді және оның болашақтағы жұмыстарына сәттілік тілейді, — делінген футбол клубы таратқан ақпаратта.

Бұдан бұрын «Ақтөбе» ФК UEFA Конференция лигасы екінші іріктеу кезеңінде Чехияның «Спарта» командасына жеңіліп қалғанын жазғанбыз.

Соңғы жаңалықтар