Ақтөбе де халық санағына кірісті

АҚТӨБЕ. Ақпанның 25-і. ҚазАқпарат /Самал Ендібаева/ - Ақтөбелік санақшылар бүгін таңертең сағат 8.30-дан бастап халық санағын жүргізу жөніндегі негізгі жұмыстарына кірісті.
None
None
«Әркім де маңызды!» деген ұранмен өтіп жатқан Ұлттық санақ елімізді әрі қарай дамыту үшін стратегиялық маңызға ие, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Қалалық әкімдіктен хабарлағанындай, тіркеушілердің алдын-ала есептері бойынша Ақтөбеде 370 мың халық тұрады. Осы мәліметтерге сәйкес қалада 37 санақ бөлімі ашылып отыр. 284 нұсқаулық учаске құрылды, 1198 санақшы жұмыс істеуде, барлық санақшы кадрлар педагогтардың, студенттердің, жұмыссыздардың және кәсіпорын жұмысшыларының қатарынан толықтырылып отыр.
Соңғы жаңалықтар