09:18, 29 Тамыз 2014 | GMT +5
«Ақтөбе» еурокубоктардағы жолын тәмамдады
АСТАНА. ҚазАқпарат - «Ақтөбе» футболшылары Еуропа Лигасының плей-офф сынындағы қарымта матчта варшавалық «Легиядан» 0:2 есебімен ұтылды.

Қарсыластар сапынан Михал Кухарчик пен Ивица Врдоляк гол авторлары атанды. Газзаев тәлімгерлері ойында өткір шабуылдар жасап, оңай жеңілмеуге тырысты. Дегенмен «Легия» ойыншылары қорғаныста сауатты ойнап, кездесуді жеңіспен аяқтады.
Ақтөбеде өткен бірінші кездесуде қарсыласымыз 1:0 есебімен жеңіске жеткен болатын. Осылайша «Ақтөбе» еурокубоктардағы жолын аяқтады.