Ақтөбе-Хромтау-Қарабұтақ автожолы төрт жолақты болып қайта жаңартылады
АСТАНА. KAZINFORM – ҚазАвтоЖол келесі жылы Ақтөбе-Хромтау-Қарабұтақ автожолы төрт жолақты болып қайта жаңартылатынын мәлімдеді.
Бүгінгі күні «ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясы «Ақтөбе-Хромтау-Қарабұтақ» автожолында орта жөндеу жұмыстарын жүргізіп жатыр. Жоспарланған 66,1 шақырымның 61 шақырымында жол жабыны жаңартылды.
«2025 жылы осы жол учаскесінде қайта жаңарту жұмыстары басталып, қазіргі ІІІ техникалық санаттағы жол І техникалық санатқа ауыстырылады. Жол пайдаланушылар үшін жаңа төрт жолақты жол салынатын болады», — деді ведомствоның Ақтөбе облыстық филиалы пайдалану және қозғалыс қауіпсіздігі бөлімінің бас маманы Нұрлан Серғазы.