Ақтөбеде кафенің қоймасынан өрт шықты

өрт
Фото: ҚР ТЖМ баспасөз қызметі

АСТАНА. KAZINFORM – Ақтөбеде кафенің қоймасынан өрт шығып, 40 адам эвакуацияланды, деп хабарлайды ҚР Төтенше жағайлар министрлігінің баспасөз қызметі.

Баспасөз қызметінің хабарлауынша, кафе 5 қабатты тұрғын үйге жаспарлас орналасқан. Эвакуацияланғандардың ішінде 5 бала бар. Өрт толығымен сөндірілді.

Соңғы жаңалықтар