Ақтөбе қаласына 140 жыл толады

АҚТӨБЕ. Мамырдың 14-і. ҚазАқпарат /Самал Ендібаева/ – 2009 жылғы мамырдың 28-інде Ақтөбе қаласына 140 жыл толады. Бүгін қалалық әкімдікте қала әкімінің орынбасары Сәния Қалдығұлова Ақтөбенің туған күнін тойлауға даярлық мәселелері бойынша кеңес өткізді,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.С.Қалдығұлова ресми салтанатты іс-шара 2009 жылғы тамызда ұйымдастырылатынын, бірақ Қала күніне орай көптеген мерекелік іс-шаралардың жоспарланғанын атап өтті. Теледидардан және облыстық газеттен қызықты жобалар беріле бастады, Ақтөбе туралы деректі фильмді көшелерге орнатылған үлкен экранды мониторларда көрсету жоспарланған. Осы күні таңертеңнен бастап ескерткіштерге және Даңқ мемориалына гүл қою рәсімі, шығармашылық ұжымдардың қатысуымен іс-шаралар, «Ақтөбе» вокальдық-аспапты ансамблінің мерекелік бағдарламасы болады. Облыс орталығының мерейтойына орай «Ақтөбе ? асыл мекенім» деп аталатын жергілікті сазгерлер мен ақындардың арасында авторлық әндердің конкурсы жарияланды. Конкурс қорытындысы бойынша Ақтөбенің 140 жылдығына арналған ең үздік әндер қазақстандық және ресейлік эстрада жұлдыздарының қатысуымен тамыздағы гала-концертте орындалады.
Соңғы жаңалықтар