Ақтөбе қаласында екі жігітті өлтірді деген күдікке ілінгендердің барлығы анықталды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Полиция қызметкерлері Ақтөбе қаласында екі азаматты өлтірді деген күдікке ілінгендердің барлығын анықтады, деп хабарлайды ҚР ІІМ баспасөз қызметі.

Ақтөбе қаласында екі жігітті өлтірді деген күдікке ілінгендердің барлығы анықталды

Бұған дейін полиция аса ауыр қылмыс жасады деген 3 күдіктіні ұстаған болатын.

Облыс орталығынан 400 шақырым жерде орналасқан елді мекендердің бірінде тағы 6 күдікті ұсталды.

Осы факті бойынша ҚР ҚК-нің 99-бабы 2-бөлігі 1-тармағымен (Кісі өлтіру) сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.