09:13, 09 Шілде 2010 | GMT +5
Ақтөбе қаласында облыстық әскери комиссариаттың ғимаратында өрт болды
АСТАНА. Шілденің 9-ы. ҚазАқпарат - Ақтөбе қаласында облыстық әскери комиссариаттың ғимаратында өрт болды.

Төтенше жағдайлар министрлігінен анықтағандай, өрт шілденің 8-і күні кешқұрым №12-ші Атқыштар дивизиясы көшесінде орналасқан үш қабатты әскери комиссариаттың кабинеттерінің бірінен шыққан.
Жалынның тараған жалпы аумағы 2 шаршы метрді құрады.
Абырой болғанда, зардап шеккендер мен құрбандар жоқ.
Тілсіз жауды ауыздықтауға қалалық ТЖД өртке қарсы қызметінің 11 адамы мен 2 техникасы жұмылдырылды.