Ақтөбе қаласында өрттен 57 адам құтқарылып, 90 адам эвакуацияланды

АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат – Ақтөбеде тұрғын үйден өрт шықты, деп хабарлайды облыстық ТЖД баспасөз қызметі.

Ақтөбе қаласында өрттен 57 адам құтқарылып, 90 адам эвакуацияланды

«2020 жылғы 16 желтоқсан күні сағат 16:18-де 101 пультіне Ақтөбе қаласы Батыс-2 ауданында №15 көпқабатты тұрғын үйдің 3 қабатынан өрт шыққандығы туралы хабарлама келіп түсті. Қалалық өрт сөндіру бөлімдерінің жеке құрамы дереу оқиға орнына жіберілді. Оқиға орнына жеткенде тұрғын үйдегі пәтердің бірінен өрт шыққандығы анықталды, аумағы 50 шаршы метр құрайды» делінген хабарламада.

Алдын ала ақпарат бойынша 90 адам, оның 30 бала қауіпсіз аймаққа көшірілді. 57 адам, оның 25 бала құтқарылды. Газбен уланғандардың бірі облыстық балалар ауруханасына жатқызылды, енді бірі жедел медициналық көмек ауруханасына жеткізілді.

Өрт 16.53 толық сөндірілді.