Ақтөбе қаласының полиция бөлімдеріне 154 адам жеткізілді
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Ақтөбе қаласының полиция бөлімдеріне 154 адам жеткізілді. Бұл туралы ҚР Ішкі істер министрлігінен мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«7 қаңтарға қараған түнде төтенше жағдай режімін қамтамасыз ету үшін Ақтөбе облысы әкімдігінің алдын бұзақылардан тазарту бойынша арнаулы операция өтті. Қалалық полиция бөлімдеріне 154 адам жеткізілді. Қазіргі уақытта ішкі істер органдары зорлық-зомбылыққа жол бермеу бойынша қажетті іс-шаралар қабылдауда», - деп атап өтеді министрліктен.
Ведомство мәліметінше, құқық қорғау органдары жаппай тәртіпсіздікке қатысушылардың қылмыстық әрекетінің жолын кеседі. Заңсыздыққа жол берген жаппай тәртіпсіздікке қатысушылар мен бірқатар арандатушыр қылмыстық және әкімшілік жауапқа тартылады.
«Облыста жағдай бір қалыпты және құқық қорғау органдарының бақылауында тұр. Ақтөбе облыстық полиция департаменті халықты арандатушыларға ермеуге щақырады және құқыққа қарсы әрекеті үшін жауапқа тартылатындарын, сондай-ақ, ресми ақпараттарға ғана сүйену қажет екенін ескертеді», - делінген ІІМ ақпаратында.