08:50, 07 Қараша 2024 | GMT +5
Ақтөбе мен Ақмола облыстарында жабылған жол бөліктері қайта ашылды
АСТАНА. KAZINFORM – «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ осыған дейін күннің бұзылуына байланысты жабылған тағы екі облыстағы жол бөлігін қайта ашылғанын хабарлады.
Келесі республикалық маңызы бар автомобиль жолдарында көлік қозғалысы ашылды:
- Ақтөбе облысы «Ақтөбе-Атырау-РФ шекарасы» автожолының 12-250 шақырымы аралығы;
- Ақтөбе облысы «Ақтөбе-Мәртөк-РФ шекарасы» автожолының 23-64 шақырымы аралығы;
- Ақмола облысы «Екатеринбург-Алматы» автожолының 1006-1114 шақырымы аралығы.
Осыған дейін күн райының күрт бұзылуына байланысты 5 өңірдегі маңызды автожолдар жабылғаны хабарланды.
Таң ата екі жол қайта ашылды.