07:30, 08 Желтоқсан 2025 | GMT +5
Ақтөбе мен Қостанай облысында жол ашылды
АСТАНА. KAZINFORM — «ҚазАвтоЖол» Ақтөбе мен Қостанай облысындағы республикалық маңызы бар жолдардың ашылғанын хабарлады.
Ақтөбе облысында республикалық маңызы бар «Қостанай-Рудный-Денисовка-Комсомольское-Қарабұтақ» автожолының 0-234 шақырым аралығындағы учаскесінде (Қарабұтақ ауылы — Қостанай облысы шекарасы) барлық көлік түрлеріне қозғалыс ашылды.
Сондай-ақ дәл осы уақыттан бастап Қостанай облысында да жол ашық.
Өңірде республикалық маңызы бар «Қостанай-Рудный-Денисовка-Комсомольское-Қарабұтақ» автожолының 234-310 шақырым аралығындағы учаскесінде (Ақтөбе облысы шекарасы–Адаевка ауылы) көліктердің жүруіне рұқсат берілді.
Айта кетейік, Ақтөбеде құтқарушылар 53 адамды эвакуациялады.