Ақтөбе мен Қостанай облыстарында көлік қозғалысы шектеледі
АСТАНА. KAZINFORM - 2026 жылғы 8 наурыз сағат 14:00-де күннің бұзылуына байланысты екі облыстың республикалық маңызы автожолдарында жүк және қоғамдық автокөліктердің қозғалысына шектеу енгізіледі, деп хабарлайды ҚазАвтоЖол.
Ақтөбе облысы:
- «Қостанай — Рудный — Денисовка — Комсомольское — Карабутак» автожолының 5-234 шақырым аралығы (Қарабутак кенті — Қостанай облысының шекарасы).
Қостанай облысы:
- «Қостанай — Рудный — Денисовка — Комсомольское — Карабутак» автожолының 234-385 шақырым аралығы (Ақтөбе облысының шекарасы — Денисовка кенті).
- «Қостанай — Әулиекөл — Сұрған» автожолының 8-108 шақырым аралығы (Тобыл қаласы — Әулиекөл кенті);
Жолды 2026 жылғы 9 наурыз сағат 08:00-де ашу жоспарланған.
Осыған дейін 8 наурызда елдегі жабық тұрған жолдар туралы жаздық.