Ақтөбе мен Маңғыстауда жел күшейіп, тұман түседі
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Ауа райының бұзылуына байланысты Қазақстанның екі өңірінде ескерту жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Қазгидрометке сілтеме жасап.
30 шілдеде Маңғыстау облысының кей жерлерінде шаңды дауыл тұрып, оңтүстік-батыстан соғатын желдің күші 15-20 м/с жетеді. Түнде және таңертең кей жерлерде тұман түседі.
Осы күні Ақтау қаласында түнде және таңертең тұман түседі.
30 шілде күндіз Ақтөбе облысының кей жерлерінде найзағай жарқылдайды. Оңтүстік-батыстан және батыстан күшті жел соғады. Кей жерлерде жел екпіні 18 м/с дейін күшейеді.