«Ақтөбе» мен «Оқжетпес» тең түсті

 «Ақтөбе» мен «Оқжетпес» тең түсті
Фото: fc-aktobe.kz

Футболдан премьер-лига командалары арасындағы ел біріншілігінің 25-турында «Ақтөбе» мен «Оқжетпес» тең түсті, деп хабарлайды Kazinform. 

«Оқжетпес» биылғы маусымды сәтсіз өткізіп келеді. Нәтижесінде оларға әлі де бірінші лигаға түсіп қалу қаупі туындап тұр.

Ал «Ақтөбе» былтырғы жетістігін қайталауға тырысып отыр. Қазір турнир кестесінде үшінші орында келеді. Екінші орын алуға мүмкіндігі әлі де бар.

Кездесу барысында 45-минутта «Оқжетпес» шабуылшыысы Жасұлан Молдақараев мергендік танытса, 56-минутта ақтөбелік клубтан Шина таразы басын теңестірді.

Командалар 1:1 есебіне қанағат білдірді.

Енді елорда уақытымен сағат 17.00-де «Қайсар» мен «Атырау» жасыл алаңға шығады.

Ал 19.00-де «Ордабасы» мен «Шахтёр» кездесуі басталады. Бұл ойында шымкенттік клуб кем дегенде тең түссе, бір тур бұрын чемпион атанады.

Сондай-ақ 21 қазанда «Мақтарал» «Қызылжардан» 2:1, «Қайрат» «Ақсудан» 4:1 есебімен басым түссе, «Тобыл» мен «Каспий» 1:1 есебімен тең түсті.

 

Соңғы жаңалықтар