Ақтөбе мен Ресей шекарасы аралығындағы жолда көлік қозғалысы шектелді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Боранға байланысты Ақтөбе облысы аумағындағы жолдарда көлік қозғалысы шектелді.
None
None

«Қазақавтожол» РМК мәліметіне қарағанда, бүгін «Ақтөбе-Орск» автожолының 8-135 шақырымындағы Ақтөбе қаласы мен Ресей шекарасы учаскесінде жүк және қоғамдық көліктер үшін жол жабылды.

Бұдан бөлек, «Самара-Шымкент» жолының 526-723 шақырымындағы БҚО шекарасы мен Ақтөбе аралығында да жүк және қоғамдық көліктердің жолға шығуына шектеу енгізілді.

Ал еліміздің өзге республикалық жолдарында көлік қозғалысы қалыпты тәртіпте жүзеге асырылуда.

Соңғы жаңалықтар