«Ақтөбе металл емес құбырлар зауыты» АҚ екінші кезеңі пайдалануға берілді

ӨБЕ. Шілденің 3-і. ҚазАқпарат /Самал Ендібаева/ - Бүгін Астана күні қарсаңында «Ақтөбе металл емес құбырлар зауыты» АҚ-да шыны пластикалық құбырларын жасайтын екінші технологиялық желілерді іске қосудың салтанаты болды,
None
None

деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Салтанатқа Ақтөбе қаласының әкімі Архимед Мұхамбетов, облыс әкімінің орынбасары Александр Дубовенко қатысты. Түймені басу арқылы қала әкімі диаметрі 80 мм-ден 1000 мм-ге дейінгі түтікті жалғастырушылары бар кезеңдік орама әдісімен шыны пластикалық құбырларын жасау бойынша 80-1000 DFW қондырғысын іске қосты. Барлық технологиялық жабдықтар өз қаражаттарына сатып алынған, жаңа желінің іске қосылуымен бірге зауыттың жиынтық өндірістік қуаттылығы жылына 320 шақырымдық құбырлар болды, қосымша 50 жұмыс орны құрылды.

Архимед Мұхамбетовтың айтуынша, «Ақтөбе металл емес құбырлар зауыты» АҚ «Жол картасы» бағдарламасы аясында атқарушы органдармен тығыз қарым-қатынас орнатқан, өз өнімдерін - қаланың су құбырларын және кәріздік желілерін жөндеу үшін металл емес құбырларды жеткізіп беруге арналған шарт жасасты.

Жалпы алғанда, Архимед Мұхамбетовтың сөзіне қарағанда, таяудағы бір-бір жарым жыл ішінде Ақтөбеде 50 нысан, оның ішінде әлеуметтік маңызды нысандар іске қосылатын болады. Бұл ретте, 12 000-нан астам жұмыс орындары құрылмақшы.

Соңғы жаңалықтар