Ақтөбе облысында 26 мыңнан аса түлек аттестат алды

АСТАНА. KAZINFORM — Ақтөбе облысының білім беру ұйымдарында 9 және 11-сынып түлектеріне білім туралы аттестаттарды салтанатты түрде тапсыру рәсімі аяқталды.

Ақтөбе облысында 26 мыңнан аса түлек аттестат алды
Фото: Ақтөбе облысы әкімдігі

— 2025–2026 оқу жылында облыс бойынша негізгі мектепті 15 713 оқушы тәмамдады. Оның ішінде 1 601 түлек үздік аттестатқа ие болды, — делінген облыс әкімдігі баспасөз қызметінің хабарламасында.

Ақтөбе облысында 26 мыңнан аса түлек аттестат алды
Фото: Ақтөбе облысы әкімдігі

Ал жалпы орта білім туралы аттестатты 11 099 түлек алды. Олардың 816-сы «Алтын белгі» иегері атанса, 719 түлек үздік аттестатпен марапатталды.

Салтанатты шаралар барысында түлектерге аттестаттары табысталып, ұстаздар мен ата-аналар жас түлектерге ақжарма тілектерін арнады.

Бұдан бұрын Ақтөбеде «Жас сақшы» сыныбының түлектері арнайы сертификат алғанын жазғанбыз.