01:33, 23 Ақпан 2025 | GMT +5
Ақтөбе облысында қар құрсауынан 8 адам құтқарылды
АСТАНА. KAZINFORM — Бүгін Хромтау және Ойыл ауданында сегіз адам мінген екі жеңіл көлік қар құрсауында қалды, деп хабарлайды ТЖМ.

— ТЖМ құтқарушылары көліктерді қардан сүйреп шығарды. Олар медициналық көмекке мұқтаж болғандар жоқ, — делінген ведомство таратқан хабарламада.
ТЖМ ауа райы туралы ескертуге назар аударуды және ауа райы нашарлаған жағдайда елді мекеннен тысқары шығудан аулақ болуды ұсынады.
Осыған дейін Ақтөбеде полиция жолда тұрып қалған мыңнан астам көлікті алып жүргенін жазған едік.