Ақтөбе облысында көлік қозғалысына уақытша шектеу қойылады
АСТАНА. KAZINFORM – 30 маусымда Ақтөбе облысында KAZ06 автожолының Қарабұтақ ауылынан Ырғыз қиылысына дейінгі 965-1153 шақырым аралығында қоғамдық және жүк көліктерінің қозғалысына уақытша шектеу енгізіледі, деп хабарлайды ҚазАвтоЖол.

Дерекке қарағанда, бүгін сағат 23:00-ден 1 шілде сағат 06:00-ге дейін KAZ06 «РФ шекарасы (Жайсан ө/п) – ҚХР шекарасы (Нұр Жолы ө/п)» автомобиль жолының 1135-1136 шақырымында жолдың ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізіледі.

Осыған байланысты аталған жол учаскесінде қоғамдық және жүк көліктерінің қозғалысына уақытша шектеу қойылады.
Ал жеңіл автокөліктер үшін реверсивті қозғалыс ұйымдастырылады.
Ведомство жол пайдаланушыларынан алдағы сапарларын алдын ала жоспарлап, уақытша енгізілген шектеулерді қатаң сақтауды сұрайды.
Айта кетейік, Қазақстан мен Моңғолия арасындағы жол қашықтығы 800 шақырымға дейін қысқарады.