Ақтөбе облысында Өзбекстанның 32 азаматы болған автобус аударылды
29 желтоқсан күні сағат 18:50-де Ақтөбе облысы Әйтеке би ауданы, "Қарабұтақ-Қостанай" автожолында жолаушылар автобусы аударылып қалғаны туралы ақпарат келіп түсті, деп хабарлайды ҚР ТЖМ баспасөз қызметі.
Оқиға орнында зардап шеккендер жоқ. Жолаушылар "Екатеринбург-Шымкент" бағыты бойынша жолға шыққан.
Оқиға орнында құтқарушылар, ЖАО, полиция бөлімі қызметкерлері мешітке 32 Өзбекстан азаматын эвакуациялады.