06:00, 02 Сәуір 2026 | GMT +5
Ақтөбе облысында жол ашылды
АСТАНА. KAZINFORM — «ҚазАвтоЖол» мекемесі Ақтөбе облысындағы республикалық маңызы бар учаскелерде барлық көлік түріне жол ашылғанын хабарлады.
— 2026 жылғы 2 сәуір сағат 06:00–де республикалық маңызы бар «Қостанай — Рудный — Денисовка — Комсомольское — Қарабұтақ» автожолының 5-83 шақырым аралығындағы учаскесінде (Қарабұтақ ауылы — Жүргенов ауылы) барлық көлік түрі үшін қозғалыс ашылады, — делінген хабарламада.
Тәулік бойы қосымша ақпарат алу үшін 1403 байланыс орталығына хабарласуға болады.
Айта кетейік, сәуір айында батыс өңірлерге оңтүстік циклон әсер етіп, тұрақсыз ауа райы қалыптасады.