Ақтөбе облысында жұмысқа орналастыру көрсеткіші ең төмен – Үкімет басшысы

Ақтөбе
Фото: Kazinform

АСТАНА. KAZINFORM – Бүгін Үкімет отырысында Премьер-Министр Олжас Бектенов Ақтөбе облысында жұмысқа орналастыру көрсеткіші ең төмен екендігін айтты.

«Асхат Берлешұлы, қазіргі уақытта сіздерде жұмысқа орналастыру көрсетіші ең төмен. Жоспардың 30 пайызы ғана. Жүргізіліп жатқан шаралар туралы баяндаңыз», - деді Үкімет басшысы Ақтөбе облысының әкімі Асхат Шахаровқа.

Өңір басшысы көрсеткішке қол жеткізе алмай отырғандықтарын мойындап, бірақ оны жылдың соңына дейін шешетінін айтты.

«Бүгінге 18 400 адам жұмысқа орналастырылды. Жоспар бойынша 62 528 адам. Қазіргі таңда кестеден артта қалушылық болып отыр. Алайда жоспарлы көрсеткіштерге жетудің бірқатар тетігі бар. Осы жылдың соңына дейін қосымша 43 мыңнан астам адам келесі тетіктер арқылы жұмысқа орналасатын болады: бос жұмыс орындарына – 21 300 адам, «10 мың халыққа 100 жұмыс орны» аясында 12 400 адам, субсидияланатын жұмыс орындарына – 6 200 адам, салалық тұжырымдамалар ұлттық жобалары бойынша – 3 700 адам. Осылайша, жылдық жоспар толық көлемде орындалады», - деді ол.

Соңғы жаңалықтар
telegram