Ақтөбе облысындағы айналма жолда су тасқыны болды

АСТАНА. KAZINFORM – ҚазАвтоЖол Ақтөбе облысында айналма жолда су тасқыны тіркелгенін мәлімдеді.

Ақтөбе облысындағы айналма жолда су тасқыны болды
Фото: видеодан алынды/ҚазАвтоЖол

- 18 наурыз таңғы 07:00 шамасында «Қандыағаш - Ембі - Шалқар – Ырғыз» республикалық автожолының 92 шақырымындағы Жем көпірі маңындағы айналма жолда су тасқыны тіркелді. Тасқынның ұзындығы – 100 метр, ал биіктігі – 50 см. Су деңгейінің көтерілуіне байланысты көпір арқылы барлық көліктің қозғалысына шектеу қойылды, - делінген хабарламада.

Жаяу жүргіншілер үшін қозғалыс ашық.

Оқиға орнына 7 арнайы техника мен 15 маман жұмылдырылды.

Жол қызметінің мамандары тәулік бойы мониторинг жұмыстарын жүргізіп жатыр.

Екі облыстағы республикалық жолда көлік қозғалысы шектелгенін жазған болатынбыз.

Соңғы жаңалықтар