Ақтөбе облысындағы Ойыл өзенінің су деңгейі төмендеді

АҚТӨБЕ. KAZINFORM - Ақтөбе облысында жағдай тұрақты, деп хаьарлады Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі.

Ақтөбе
Фото: Алтынай Сағындықова

Қазіргі уақытта Ақтөбе қаласының бау-бақша ұжымдарында су айдау және инертті материалдарды төсеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.

«Ойыл ауданында Ойыл өзені су деңгейінің төмендеуі байқалады. Халықты, инертті материалды және азық-түлікті тасымалдау үшін понтон өткелі жұмыс істейді. Қалған эвакуацияланған 1470 адам уақытша орналастыру пункттеріне, 6072 адам туыстарына орналастырылды», - делінген ТЖМ хабарламасында.

Бұған дейін Ақтөбеде тасқыннан бүлінген мүлікті бағалау жұмысының ақысы белгілі болғанын жазған едік.