Ақтөбе облыстық Табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының басшысы тағайындалды

АҚТӨБЕ. KAZINFORM – Асқар Жүсібәлиев Ақтөбе облыстық Табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының басшысы лауазымына тағайындалды. Ол бұған дейін Қарғалы ауданының әкімі болды.

Ақтөбе облысы әкімінің баспасөз қызметі
Фото: Ақтөбе облысы әкімінің баспасөз қызметі

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің келісімі бойынша Ақтөбе облысы әкімінің өкімімен Асқар Жүсібәлиев Ақтөбе облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының басшысы лауазымына тағайындалды. Ол 1963 жылы Ақтөбе облысының Ойыл ауданында дүниеге келген. Еңбек жолын Ақтөбенің Исатай совхозында бастаған.

«1985 жылы Батыс Қазақстан ауыл шаруашылығы институтын, 2008 жылы Алматы экономика және статистика академиясын, 2020 жылы Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетін тәмамдаған. Еңбек жолын 1980 жылы Ақтөбе облысының Исатай совхозында жұмысшы болып бастаған. 1985 - 1991 жылдары аралығында «Ақырап» кеңшарының агрономы, Қазақстан Жастар одағы Лениндік комитетінің хатшысы, Исатай аудандық Коммунистік партия комитеті ұйымдастыру бөлімінің нұсқаушысы, Қобда аудандық Коммунистік партия комитетінің ұйымдастыру, ауыл шаруашылығы бөлімдерінің нұсқаушысы болды. Ал 1991 - 2011 жылдары аралығында Қобда аудандық ауыл шаруашылығы басқармасының бас агрономы, басқармасы басшысының орынбасары, «Бестау» ЖШС-нің директоры, Ақтөбе облыстық жер қатынастары басқармасы бастығының орынбасары, ҚР Жер ресурстарын басқару агенттігінің Ақтөбе және Батыс Қазақстан облыстары бойынша өңіраралық жер инспекциясының бастығы болып қызмет еткен. 2011 - 2018 жылдары аралығында Қобда және Темір аудандарын басқарған. 2018 жылдың қыркүйек айынан бастап осы уақытқа дейін Қарғалы ауданының әкімі қызметін атқарып келді», - деп хабарлады Ақтөбе облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Соңғы жаңалықтар