Ақтөбе облыстық прокуратурасының қызметкері ұсталды

АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Бас прокуратурасы Ақтөбе облыстық прокуратурасының қызметкері Э.Кадыровтың ұсталуына қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат қадағалау органының Фейсбуктегі парақшасына сілтеме жасап.

Ақтөбе облыстық прокуратурасының қызметкері ұсталды

«13 қарашада Ақтөбе қаласында Бас прокуратураның Тергеу департаменті Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросымен бірлесе отырып ҚР ҚК 367-бабында (пара беру) көзделген қылмысты жасады деген күдікпен Э. Кадыровты ұстады.

Э. Кадыров ҚР Қылмыстық-процестік кодекстің 131-бабына сәйкес Ақтөбе қаласындағы уақытша ұстау изоляторында орналастырылды», делінген хабарламада.

Бас прокуратура бұдан басқа ақпарат тергеу мүддесіне орай жарияланбайтындығын мәлім етті.