10:51, 26 Қаңтар 2009 | GMT +5
Ақтөбе облыстық сотында жас судьялар Заңға адал болу туралы ант қабылдады
АҚТӨБЕ. Қаңтардың 26-сы. ҚазАқпарат /Мирал Жармұхамбетов/ - Жас судьялар халыққа, Заңға және әділеттікке адал болуға ант берді,

деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Ақтөбе облысының судьялары корпусы жас судьялардың тағы бір тобымен толықты. Ақтөбе қаласының және аудандардың соттарында жұмыс істейтін жаңадан тағайындалған бес судья Ата Заңға қолдарын қойып, өз міндеттерін адал атқаруға ант берді.Жас судьялар: Айгүл Думова, Мақсат Орынбаев, Жеңіс Жаңабергенов, Женіскүл Сұлтанова және Қанат Сембеков Қазақстан Республикасының Конституциясына оң қолдарын қойып, ант берді, одан кейін еліміздің Мемлекеттік жалауын өпті. Рәсім соңында Әнұран орындалып, жас судьялар қабылдаған анттың маңыздылығын арттыра түсті.