Ақтөбе облысы әкімінің бұрынғы орынбасары 12 жылға бас бостандығынан айырылды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары Руслан Мамуновқа қатысты сот ісі аяқталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары Мамуновқа қатысты пара беруге итермелеу, алаяқтық және ақша қаражатын заңдастыру фактілері бойынша тергеуді аяқтады. Нұр-Сұлтан қаласының мамандандырылған ауданаралық қылмыстық сотының үкімімен Мамунов кінәлі деп танылып, мүлкі тәркіленіп, 12 жылға бас бостандығынан айырылды», - деді Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің 1-ші департаментінің аса маңызды істер жөніндегі тергеушісі Данияр Бекайдаров онлайн брифинг барысында.

Еске сала кетсек Руслан Мамуновтың тергеуге алынғаны туралы ақпарат осы жылдың наурызында тараған еді.


Соңғы жаңалықтар