09:02, 02 Шілде 2013 | GMT +5
Ақтөбе облысы Шалқар ауданының жаңа әкімі тағайындалды
АҚТӨБЕ. 2 шілде. ҚазАқпарат - Ақтөбе облысы әкімінің өкімімен Шалқар ауданының әкімі болып 32 жастағы Ербол Данағұлов тағайындалды.
Бұл туралы облыстық әкімдіктің баспасөз қызметінен хабарлады.
Ербол Данағұлов мамандығы бойынша экономист-есепші, заңгер. Оның еңбек жолы 2003 жылы Шалқар ауданы әкімдігінің аппараты әлеуметтік сала және мәдени даму бөлімінің бас маманы қызметінен басталды. Әр түрлі жылдары Шалқар ауданы әкімі аппараты жинақтау-сараптау бөлімінің жетекшісі, Шалқар қаласы әкімінің орынбасары, кейін қала басшысы қызметтерін атқарды.
2012 жылдың желтоқсанынан Мұғалжар ауданын басқарды.