Ақтөбе облысы Сыр еліне 300 тонна өнім жеткізді

ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығы қарсаңында үстіміздегі жылдың 13-15 қазан күндері Қызылордада Ақтөбе облысының күндері болып өтті. Ақтөбе облысы күндері барысында Қызылорда қаласының «Тағзым» алаңында Ақтөбе облысының ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерінің жәрмеңкесі өткізілді, деп хабарлады ҚазАқпарат облыстық ауылшаруашылығы басқармасына сілтеме жасап.
None
None

null null
Жәрмеңкеге 12 аудан мен Ақтөбе қаласынан 150-ден астам ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері мен қайта өңдеу кәсіпорындары қатысты.

Ақтөбеден жәрмеңкеге  ет (сиыр, қой, жылқы, түйе, құс, қоян еті, шұжықтар), сүт (шұбат, қымыз), ұн, тары, талқан, құрт, ірімшік, картоп көкөністер, жеміс-жидектер, бақша дақылдарын, бал, жұмыртқа (тауық, бөдене), өсімдік майы, кондитерлік тағамдар, консервілер, сусындар және т.б. 40 жүк көлігімен 111,6 млн теңгенің 300 тонна өнімі әкелініп,  қызылордалықтарға арзан бағада сатылды.

Облыстың қайта өңдеу кәсіпорындары көптеген өнім түрлерін ұсынды.

null null  

 «Айс плюс» ЖШС, «Молочные истории-А» ЖШС, «Агрофирма Тау» ЖШС, «Шыңғыс» ШҚ, «Қостемір» ШҚ, «Қыпшақ» ШҚ сүт өнімдері және сусындарды, «Рамазан» ЖШС, «Жаңа-Әлжан диірмен комбинаты» ЖШС және «Ақтөбе-нан» ЖШС, Атамекен нан 2000» ЖШС ұн, макарон өнімдерін, «Айбек АТК» ЖШС, «Рокос» ЖШС шұжық өнімдерін тарту етті.

Іс-шара Ақтөбе облысының биші, әнші әртістерімен ұйымдастырылған концерттік бағдарламамен ілесіп өткізіледі.

Айта кетсек, жасалып жатқан іс-шаралар екі облыс арасындағы өңіраралық кооперацияны дамыту бағытындағы жұмыстардың нәтижесі.

null null  

Мемлекет басшысының отандық тауарөндірушілерді қолдау мақсатында Өңіраралық кооперацияны дамыту жөніндегі тапсырмасына сәйкес Қызылорда және Ақтөбе облыстары арасында ауқымды іс-шаралар басталып кетті. Жыл басынан бері облыстар арасында келісімдер жасалып, жергілікті тауар өндірушілердің өндірген өнімдерін жан-жақты ұсыну мақсатында тиісті жұмыстар атқарылып келеді.

Үстіміздегі жылдың  наурыз айында өңіраралық сауда-экономикалық ынтымақтастықты нығайту үшін Ақтөбе қаласында Қызылорда облысының ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өткізіліп, өнімдер Ақтөбе халқына нарық бағасынан төмен бағада сатылған болатын.

Шалқар және Ырғыз ауданының әкімдерімен Арал ауданының әкімдігі арасында ауыл шаруашылығы тауарларын тікелей әкеліп сату үшін жасалған меморандумға сәйкес өңіраралық тауар алмасуды арттыру мақсатында Шалқар ауданының тауар өндірушілері Арал қаласында жәрмеңке өткізді. Сондай-ақ, қазіргі таңда Қазалы ауданының кәсіпкері Ырғызда балық зауытының құрылысын бастады.

null null  

Өңіраралық кооперация аясында Қызылорда облысынан Ақтөбе облысына әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын тікелей жеткізу жұмыстары бойынша  күріш, ас тұзы, балық, қарбыз, қауын, бақша дақылдары және т.б.  375,5 млн. теңгенің өнімі жеткізілді.

Сонымен қатар, Қызылорда облысы ауыл шаруашылығы басқармасы мен «Ақтөбе» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы арасында азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытында жасалған меморандумға сәйкес Ақтөбе қаласына 93 тонна ақталған күріш жеткізілді.

Сондай-ақ, екі облыс арасында ауыл шаруашылығы өнімдерімен қатар асыл тұқымды мал төлдерін сатып алуды жолға қойды. Екі облыстың кәсіпорындары барлық салалар бойынша өзара тиімді байланыс орнату жөніндегі келісімдерге қол қойып, бұл бағытта жұмыстар жүргізуге нақты қадамдар жасады.

Атап айтқанда, ауыл шаруашылығы саласында «Рамазан» ЖШС «Бегимбаев» ЖК-на  (20,0 млн. дана жұмыртқа), «Жантізер» шаруа қожалығы «Мирас» сауда үйіне (200 тонна ет) және «Анисан» шаруа қожалығы Қызылорда облысының «Таң» ЖШС, «Бақытжан» шаруа қожалығы 50 бас сүт бағытындағы асыл тұқымды ірі қара малын жеткізуге меморандумға отырды.

Сонымен қатар, Қызылордадағы Ақтөбе облысы күндері аясында да бірқатар меморандумға қол қойылып, өніраралық байланыс арта түспек.

null  

Соңғы жаңалықтар