Ақтөбе облысы Үндістан тарабының қарауына инвестициялық 15 жоба ұсынды

денің 15-і.  ҚазАқпарат /Самал Ендібаева/ -  Үндістанның Қазақстандағы  Елшісі Ашок Саджанхар Ақтөбе  облысына  екікүндік сапарының  қорытындысы  бойынша  бүгін баспасөз   мәслихатын өткізді.
None
None

Кәсіпкерлермен  болған  кездесуден кейін  А.Санджанхар мырза   Хромтау  ауданында  болды,  онда «Восход Ориел» ЖШС-і, «Қазхром» трансұлттық  компаниясы»  акционерлік   қоғамының Дөң   кен байыту комбинатын  аралады.   Бүгін облыс әкімімен    болған      кездесуде   Үндістан елшісі      ынтымақтастықты әрі  қарай   дамытудың  келешегін талқылады. 

А.Саджанхар мырзаның  айтуынша,  сапар  барысында  ол  Ақтөбе  облысы  экономикасының  қарқынды дамып  отырғанына көз жеткізді.      Үнділік қонақ,  аймақтың    өз әлеуетін толыққанды   пайдаланбай  отырғанын  және     Ақтөбе  облысының   Үндістанмен арадағы  сыртқы сауда айналымы қазіргі 3 миллион  доллардан да көп  бола алатынын     атап көрсетті.

Облыс әкімінің  орынбасары Роза Кемалова    ханым, ақтөбелік  тараптың     үнділік қонақтың  назарына   түрлі салаларды қамтыған    15 жобаны ұсынғанын   айтып өтті. «Біз  инвестиция  тартуға  мүдделіміз.     Хромтау  аймағына  жасалған  сапар  барысында Үндістан Елшісіне  «Керамика»   зауытына инвестиция салу мүмкіндігі   туралы ұсыныс  жасалды.  Шыны     өндірісінің жобасы  да  инвестицияға мұқтаж,   ал   оның өндірісі   үшін қажетті  бірегей шикізатты  -   кварц  құмын   біз қазір  Ресейге    экспорттап жатырмыз»,  деп атап көрсетті Р.Кемалова.

Ақтөбе   облысы   Үндістанмен  мәдениет  саласында  да ынтымақтастық     орнатуды  жоспарлауда, ақтөбеліктер     үнді биінің  фестивалін өткізуге   Үндістаннан  әртістер шақырып  отыр. Елшіге сондай-ақ,  Ақтөбеде  үнді шайын   өңдеу  және  өлшеп орау  жөніндегі бірлескен   өндіріс   құру мүмкіндігін  қарастыруды  ұсынды.

Соңғы жаңалықтар