11:17, 13 Ақпан 2009 | GMT +5
Ақтөбе облысында 10 адам иіс тиіп, уланып қалды
АСТАНА. Ақпанның 13-і. ҚазАқпарат – Ақтөбе облысының Алға қаласында 10 адам иіс тиіп, уланып қалды, олардың үшеуі жас бала,
деп хабарлайды ҚазАқпарат Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Төтенше оқиға кеше, ақпанның 12-сінде екіқабатты жекеменшік үйде орын алған. Орталық аудандық ауруханаға екі әйел, бес бойжеткен және үш жас бала жеткізіліп отыр. Төтенше жағдайлар ведомствосының хабарлауынша, «зардап шеккендердің жағдайы қанағаттанарлық».