20:29, 04 Наурыз 2009 | GMT +5
Ақтөбе облысында «100 мектеп, 100 аурухана» бағдарламасы бойынша екінші мектеп ашылды
АҚТӨБЕ. Наурыздың 4-і. ҚазАқпарат /Самал Ендібаева/ – Шалқар ауданының орталығында заманауи үлгідегі 1 200 орындық жаңа мектеп ашылды. Бұл Ақтөбе облысында «100 мектеп, 100 аурухана» Президенттік бағдарламасы бойынша салынған екінші мектеп,
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.Нысанның ашылу салтанатына облыс әкімінің орынбасары Жеткерген Оралмағамбетов, аудан әкімі Рахат Сыдықов, сондай-ақ білім беру саласының өкілдері қатысты. Ауыл тұрғындарын құттықтаған облыс әкімінің орынбасары білім беру мекемесіне жалпы сомасы 1,3 млн.теңгенің жабдықтарын сыйға тартты.Мұндай мектепті шалқарлықтар бұған дейін көрген емес. Мектеп жалпы алаңы 21 мың шаршы метр болатын үш қабатты үйден және түрлі бес блоктан тұрады.