Ақтөбе облысында 2 адам құлдықтан құтқарылды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Ақтөбе облыстық ішкі істер департаментінің Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасы жедел-іздестіру іс-шаралары кезінде адам саудасының құрбандары болған азаматтарды құтқарды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.  

Ақтөбе облысында 2 адам құлдықтан құтқарылды

Аталған ведомство ақпаратына қарағанда, 44 және 29 жастағы Ақтөбе облысының тұрғындары

Хромтау ауданындағы ауыл шаруашылығына алдаумен келіп, жарты жыл бойы еркінен тыс жұмыс жасаған.

«Жедел іздестіру іс-шаралары барысында осы қылмысты жасады деген күдікпен 53 жастағы Хромтау ауданының беделді азаматы ұсталды. Қазіргі уақытта аталған іс бойынша ҚР ҚК 128-бабы 2-тармағы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Күдікті Хромтау аудандық ІІБ-нің  уақытша оқшаулағышына қамалды. Тергеу амалдары жалғасуда», - делінген Ақтөбе облыстық ІІД ақпаратында.