Ақтөбе облысында 33 бала тұрмыстық химиядан уланған

АСТАНА. ҚазАқпарат – 2023 жылдың 7 айында Ақтөбе көпсалалы облыстық балалар ауруханасына химиялық заттан уланған 33 бала түсті, деп хабарлайды ҚазАқпарат Diapazon сайтына сілтеме жасап.

Ақтөбе облысында 33 бала тұрмыстық химиядан уланған
Фото: Freepik

Жыл сайын үйлерде тұрмыстық химия құралдарының, күшті дәрілік заттардың, экзотикалық өсімдіктердің саны артып келеді. Дәрігерлер атап өткендей, осыған сай, балалардың улану жағдайлары да жиілеп кетті.

Мамандардың айтуынша, кішкентай балалардың улану жағдайлары көбіне ата-аналардың қауіпті заттар мен дәрі-дәрмектерді қолжетімді жерде қалдыруына байланысты орын алады.
Уланудың алдын-алудың ең жақсы жолы – дәрі-дәрмек, тұрмыстық және автохимияны балалардың қолы жетпейтін жерге сақтау: одарды құлыптаулы күйде немесе шкафтың жоғарғы сөресінде сақтаңыз.
Мамандар улану жағдайы орын алған жағдайда дереу жедел жәрдем қызметіне хабарласу қажет екенін еске салады.

Фото 60.mchs.gov.ru сайтынан