Ақтөбе облысында 6 медициналық нысанның құрылыс-монтаждау жұмыстары басталды

АСТАНА. ҚазАқпарат – Ақтөбе облысында жоспарланған 8 медициналық нысанның 6-ның құрылыс-монтаждау жұмыстары басталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ақтөбе облысында 6 медициналық нысанның құрылыс-монтаждау жұмыстары басталды
Фото: ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі

«Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындау бойынша айдарды жалғастыра отырып, Ақтөбе облысында «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасын іске асыру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Ұлттық жоба екі жылдың ішінде ауылдарды, оның ішінде шалғайдағы жету қиын елді мекендерді медициналық инфрақұрылыммен қамтамасыз етеді, аудандық ауруханаларды көп бейінді медициналық мекемелердің деңгейіне дейін жаңғыртады және ауылдағы медициналық көмектің басқа да бағыттарын жетілдіреді, сондай-ақ 655 медициналық объектінің құрылысын көздейді,-делінген хабарламада.


Ондағы деректерге қарағанда, бүгінгі таңда 99 медицина нысанының құрылыс-монтаждау жұмыстарын (ҚМЖ) жүргізуге қаражат бөлінді.

Ақтөбе облысында ұлттық жобаға сәйкес 8 медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсету нысаны бойынша құрылыс жоспарланған.

Осыған байланысты облыста жоспарланған 8 медициналық объектінің 6-ның құрылыс-монтаждау жұмыстары басталды. Бұлар Байғанин ауданының Қаражар, Қосарал, Қораши, Көкбұлақ ауылдарындағы, Хромтау ауданының Аққұдық ауылындағы медициналық пункттер және Байғанин ауданының Кемерши ауылындағы дәрігерлік амбулаториялар.