Ақтөбе облысында ауа райына байланысты автожолдар жабылды

АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат – Ақтөбе облысында ауа райының қолайсыздығына байланысты тасжолдардың кейбір бөлігінде көлік қозғалысы тоқтатылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі ҚР ІІМ ТЖК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ақтөбе облысында ауа райына байланысты автожолдар жабылды

«1 желтоқсанда сағат 13:00-ден бастап Ақтөбе облысында ауа райының қолайсыздығына байланысты (қар, жаңбыр, көктайғақ) облыстық маңызы бар тасжолдардың кейбір бөлігі жабылды: Барлық автокөлік түрлері үшін «Шұбарқұдық-Ойыл-Қобда-Соль.Илецк» (0-265 шақырым, Шұбарқұдық кентінен Қобда кентіне дейінгі аралық) тасжолы және «Ақтөбе-Болгарка-Шұбарқұдық» (17-190 шақырым, Сазды кентінен Шұбарқұдық кентіне дейінгі аралық) тасжолында қозғалыс шектелді», - делінген хабарламада.

Бұдан бөлек, бүгін өңірде сағат 14:00-ден бастап ауа райының қолайсыздығына байланысты (қар аралас жаңбыр, көктайғақ) «Самара-Шымкент» тасжолының (710-615 шақырым аралығы, Ақтөбе қаласынан Қобда кентіне дейін) учаскесінде жүк және жолаушылар көлігіне жолға шығуға тыйым салынды.