Ақтөбе облысында ауа райына байланысты ескерту жарияланды

АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ақтөбе облысы бойынша ауа райына байланысты ескерту жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ақтөбе облысында ауа райына байланысты ескерту жарияланды

«Ақтөбе облысында 28 қыркүйек күні оңтүстік-батыстан, батыстан екпіні секундына 15-20 метр болатын жел соғады. Түнде және күндіз кей жерлерде тұман түседі. Ақтөбе қаласында 28 қыркүйек күні оңтүстік-батыстан және батыстан жел соғып, екпіні секундына 18 метрге жетеді. Дауыл соғу ықтималдылығы 85-90%»,-делінген хабарламада.