10:17, 17 Ақпан 2009 | GMT +5
Ақтөбе облысында ауыл әкімдігінің ғимаратынан өрт шықты
АСТАНА. Ақпанның 17-сі. ҚазАқпарат - Ақтөбе облысының Әйтеке би ауданында Аралтоғай селолық әкімдігінің ғимаратында өрт болды,
деп хабарлайды ҚазАқпарат Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Өрт бірқабатты ғимараттың шатырынынан шыққан. Кеше, ақпанның 16-сы күні орын алған оқиға салдарынан 150 шаршы метр жер өртенген. Төтенше жағдайлар ведомствосынан хабарлағандай, құрбан болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Өрт облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің өрт сөндіру қызметінің: 8 адам мен 2 техниканың күшімен сөндірілді.