Ақтөбе облысында автобустағы өрт кезінде тірі қалғандар белгілі болды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Ақтөбе облысы Ырғыз ауданында «Икарус» автобусы өртенген кезде 55 жолаушы мен 2 жүргізуші болған, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА ҚР-дағы Өзбекстан елшілігіне сілтеме жасап.
None
None

Елшіліктің ақпараты бойынша, екі жүргізуші де Қазақстан азаматтары болған.

«Жанып жатқан автобустан бес адам шығып үлгерген. Олар 2 жүргізуші мен 3 жолаушы. Олардың екеуі Өзбекстан азаматтары (Исаков Ахрор, 1988 жылы 14 сәуірде туған және Мирзаахмедов Исроилжон, 19/80 жылы 10 қаңтарда туған)», - делінген Өзбекстан елшілігінің хабарламасында.

Елшіліктің алдын ала дерегі бойынша, қаза тапқан 52 адамның ішінде Өзбекстан азаматтары бар.

Ақтөбе облыстық төтенше жағдайлар департаментінде облыс әкімі орынбасарының басшылығымен жедел штаб құрылды. «Қауырт желі» телефондары: +7 (7132) 56 29 62, +7 (7132) 56 68 85.

Қазақстандағы Өзбекстан елшілігінде «қауырт желі» ашылды. Тел.: +7 777 218 20 10, электрондық пошта: emb-uzbekistan1@mail.ru.

Соңғы жаңалықтар