Ақтөбе облысында әйел қызын шенеунікпен жыныстық байланысқа түсуге мәжбүрлеген

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Өткен жылы Ақтөбе облысында шенеунік 16 жасқа толмаған қызбен бірнеше рет кездескен.
None
None

Бұл туралы ҚР Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев ҚР судьяларының «Zanger» журналындағы мақаласында жазған, деп хабарлайды ҚазАқпарат polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

«Өткен жылы Ақтөбе облысында 16 жасқа толмаған қызбен бірнеше рет жыныстық байланысқа түскен деген күдікпен шенеунік ұсталды. Қыз баланы бұл іске анасы итермелеген. Күдікті ұсталды. Анасына қатысты қызын жезөкшелікке тартқаны үшін қылмыстық іс қозғалды. Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр», - деді министр.

Министрдің айтуынша, соңғы бес айда кәмелеттік жасқа толмағандарға қатысты мыңнан аса қылмыс тіркелген.


Соңғы жаңалықтар