09:35, 15 Қараша 2013 | GMT +5
Ақтөбе облысында балық аулау кезінде екі ер адам суға кетті
АСТАНА. 15 қараша. ҚазАқпарат - Ақтөбе облысының Есет батыр кентінде Шолақ тоғанында кеше күндіз балық аулау кезінде 56 және 66 жастағы екі ер адам су құрбандарына айналды,

деп хабарлады ҚР ТЖМ.
Олардың мәйіттері 4,5 сағаттан кейін табылып, ҚР ТЖМ Ақтөбе облысы ТЖД суда құтқару қызметінің күшімен шығарылды.