Ақтөбе облысында білім беру саласын бақылау департаментінің басшысы ұсталды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының Ақтөбе облысы бойынша департаменті облыстың білім беру саласын бақылау департаментінің басшысы А. Көшербаевты ұстады.
«Көшербаев Іле мектебінің директоры жұбайы С. Сырбаева мен басқа тұлғалар арқылы мектепті аттестаттаудан өткізу туралы мәселені оң шешкені үшін жүйелі түрде облыс мектеп өкілдерінен жалпы сомасы 1 150 000 теңге пара алып келген. А. Көшербаевқа қатысты «тұтқындау» түрінде бұлтартпау шарасы қабылданды. Сот алды тергеу жүргізілуде», - деп хабарлады ұлттық бюро баспасөз қызметінен.